+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2021 жылғы 1 маусымда ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының  Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев пен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Іс-шараға ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев және Діни жағдайды талдау және дінтану сараптамасы институтының жетекшісі Ержан Байбол қатысты.
Меморандумда екі мекеменің сараптамалық-талдау құрылымдары арасындағы ынтымақтастықтың нақты жобалары, оның ішінде шетелдік әріптестерді тарта отырып, бірлескен іс-шаралар өткізу көзделген.
ССЗИ және Н.Назарбаев Орталығының басшылары ағымдағы жылы Съезд Хатшылығы мен оның жұмыс тобының XIX отырысын, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу кезінде өзара іс-қимыл туралы келісті.