+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Ауғанстандағы заманауи процестер: Орталық Азия үшін салдары» атты халықаралық конференциясына қатысу туралы

2024 жылғы 20-21 ақпанда Өзбекстан астанасында ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Әлемдік экономика және дипломатия Университеті жанындағы Перспективалы халықаралық зерттеулер институтының «Ауғанстандағы заманауи процестер: Орталық Азия үшін салдары» атты халықаралық конференциясына қатысты.

Конференцияға қатысушылар арасында Әзербайжан, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген Орталық Азия және Ауған мәселелері бойынша жетекші сарапшылар болды.

Болат Нұрғалиев «Ауғанстанның Еуразиялық өзара байланыстағы рөлі. Ауғанстандағы қазіргі оқиғалар: Орталық Азия үшін салдары» атты бірінші сессияда сөз сөйледі.

2024 жылғы 21 ақпанда Басқарма Төрағасы Өзбекстан Республикасы СІМ жанындағы халықаралық қатынастардың ақпараттық-талдау орталығына (ХҚАТО) барды. Орталық директоры Санжар Валиевпен және ХҚАТО-ның басқа да басшы қызметкерлерімен өзара қызығушылық тудыратын мәселелердің кең ауқымы бойынша өзбекстандық әріптестерімен ССЗИ-дің тәжірибелік өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.