2024 жылғы 14 маусымда Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Тәженов пен аға сарапшысы Қайрат Нұртазин Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты БҰҰ-ның Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясы жөніндегі өңірлік орталығымен және Қазақстандағы Фридрих Эберт қорымен бірлесіп ұйымдастырған «Орталық Азия: сенім гравитациясы» VII Орталық Азия сараптамалық форумына қатысты.
Іс-шара саяси, сауда-экономикалық, сараптамалық және қоғамдық өлшемдерде өңір елдері арасындағы ортақ кеңістікті кеңейту перспективаларын талқылауға арналған.
Форумға қатысушылар бес елдің жемісті әріптестігінің арқасында мемлекетаралық және өңірлік ынтымақтастық тректері кеңейіп, Орталық Азияның субъективтілігі артқанын атап өтті. Сарапшылардың тұрақты кездесулері өңірдегі өзара түсіністікке ықпал етеді, сондай-ақ ортақ мәселелерді бірлесіп шешу бойынша ұсынымдар әзірлеуді ынталандырады.