+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ХЕЛЬСИНКИ ҚОРЫТЫНДЫ АКТІСІНІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ» ҚАТЫСУ

2025 жылғы 26 мамырда Институттың аға сарапшысы Валерий Ситенко Венада Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының тұрақты өкілдіктері ұйымдастырған «Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің саяси мұрасы ретіндегі Хельсинки Қорытынды актісі» тақырыбындағы «дөңгелек үстелге» онлайн режимде қатысты.
Іс-шараға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер делегацияларының, ЕҚЫҰ өңірінен ғылыми ұйымдар мен талдау орталықтарының өкілдері қатысты. 1975 жылы Хельсинки Қорытынды Актісіне қол қоюдың алғышарттары туралы жан-жақты пікір алмасты, нәтижесінде ЕҚЫҰ-ның құрылуы, ұйымның эволюциялық кезеңдері, оның қауіпсіздікті сақтаудағы рөлі болды. Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесінің өзгеруін ескере отырып, осы бірлестікті реформалау қажеттілігі атап өтілді. Осыған байланысты қатысушылар осы процестің негізгі бағыттары, міндеттері мен жолдары туралы ұсыныстар айтты.