+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ШЫҰ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ

2025 жылғы 15 қазанда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Қазақстанның XII Азаматтық форумы шеңберінде «ШЫҰ және халықтық дипломатия: жаһандық өзара іс-қимыл перспективалары» атты халықаралық конференциясына қатысты.
Іс-шара барысында халықтық дипломатияның "жұмсақ күш" құралы ретіндегі рөлі және Еуразия елдері арасындағы өзара түсіністікті нығайту талқыланды. ШЫҰ аясындағы мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына, мәдениет, ғылым, білім беру және жастар байланыстары салаларындағы үздік тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары арасындағы әріптестікті кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Конференция жұмысына Парламенттің, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың, қазақстандық және шетелдік сараптамалық қоғамдастықтың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.