+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ҚР СІМ жанындағы ССЗИ басшылығы «Президенттік институт: Қазақстандық модель» Халықаралық парламенттік конференциясына қатысты

2019 ж. 27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен «Президенттік институт: қазақстандық модель» атты халықаралық парламенттік конференция өтті.

Конференцияны ашқан ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин 2020 ж. сәуірде Қазақстанда президенттік институттың ресми түрде енгізілуіне тура 30 жыл толатындығын еске салды. Қазақстанда президенттік басқару нысанын таңдау тәуелсіздіктің қиын жолындағы алғашқы қадамдардың бірі болды. Бұл жағдайда конституциялық құрылымды, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен қауіпсіздігін міндетті түрде сақтап, нығайта отырып, түбегейлі саяси және экономикалық өзгерістерді жедел жүзеге асыру аса маңызды қажеттілік болды. 30 жыл ішінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен барлық салаларда өкілетті реформалар жүргізіліп, нәтижесінде тұрақты экономикалық даму, әділ әлеуметтік саясат, қоғамымыздың өмірін демократияландыру жүзеге асырылды.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Әзірбайжан, Болгария, Қырғызстан, Моңғолия, Сербия, Татарстан, Түркия парламентшілері, БҰҰДБ, ЕҚЫҰ, ТүркПА, АӨСШК өкілдері, сонымен қатар АҚШ, Швеция және басқа елдерден келген халықаралық сарапшылар қауымдастығы қатысты.

Конференция екі панельдік сессия аясында өтті: «Елбасы және қазақстандық парламентаризмнің дамуы» және «Ақ-Орда: көп векторлы бағыт».

Басқарма Төрағасы Аймымдос Бозжігітов «Ақ-Орда: көп векторлы бағыт» панельдік сессиясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты атынан баяндама жасады.

ҚР СІМ ССЗИ