2026 жылғы 9-10 маусымда ССЗИ сарапшысы Алмат Тоекин Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының (ШХЗА) президенті Чэнь Дунсяоның шақыруымен «Шанхай ынтымақтастық ұйымының 25 жылдығы: жаһандық басқарудағы жаңа міндеттер мен жаңа қадамдар» атты халықаралық конференция жұмысына қатысты.
2026 жылғы 9 маусымда Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев ҚХР-ның Шет тілдеріндегі әдебиеттерді басып шығару және тарату істері басқармасының жанындағы Еуропа мен Азияға хабар тарату орталығының («Жэньмин хуабао» баспасы) делегациясымен кездесу өткізді.
2026 жылғы 6 маусымда «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтың «Еуразия кеңістігіндегі серіктестік бағдары» атты талдамалық мақаласы жарияланды.
2026 жылғы 2 маусымда Астанада Сыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы Сергей Савельев «Қазақстан Республикасындағы Біріккен ядролық зерттеулер институтының күндері» конференциясына қатысты.
2026 жылғы 2 маусымда «Казахстанская правда» газетінде ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтың «Стратегиялық сенім және прагматикалық әріптестік» атты талдамалық мақаласы жарияланды.
2026 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені «7 НЕГІЗ. АСТАНА-МӘСКЕУ» атты деректі фильм ұсынды.
Институт міндеттері
Институттың басты міндеттері – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басымды бағыттары жүзеге асыру бойынша тәжірибелі ұсыныстар әзірлеу; жаһандық саясат пен экономика, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік салаларындағы өзекті трендтерді айқындау